Мемқызметшіні артық жұмсағандарға 40 АЕК айыппұл салынады

536

Лауазымды тұлға қол астындағы мемлекеттік қызметшілерді артық жұмсай алмайды. 

Мемқызметшіні артық жұмсағандарға  40 АЕК айыппұл салынады Фото: google

Егер негізгі қызметінен бөлек міндет жүктеп, нормадан тыс жұмыс тапсырса өзі жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтың айтуынша бұл бұрыннан бар талап. Талаптың орындалуын қадағалау құзіреті агенттікке берілген. Егер мониторинг аясында артық жұмсау фактісі тіркеліп, нақтыланса кінәлі тұлғаға айыппұл да салынатын көрінеді. 

"Тексеру нәтижесінде біз әкімшілік құқық бұзушылық сипаттағы заң бұзушылықты көретін болсақ, ол бойынша жауапкершілікке тартамыз. Біріншіде ескертпе ретінде жазылған, екіншіде 40 айлық есептік көрсеткіш егер де лауазымды тұлғаға қатысты болатын болса. Ол шашамен 138 мың теңге көлемінде болады", дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу