Мемлекет 100 адамның салық өсімпұлын кешірмекші

1053

Кешірілетін соманың мөлшері 97,7 млн теңге.

Мемлекет 100 адамның салық өсімпұлын кешірмекші

Мемлекеттік кірістер комитеті жер, көлік және мүлік салығы бойынша қарыздар 100 қазақстандықтың тізімін жариялады. Тізімге енген тұлғаларға салық қарызын жыл аяғына дейін өтесе, өсімпұлын кешірту мүмкіндігі берілмек. 

"Олардың жалпы қарызы 845 620 теңгені құрап отыр. Мұндағы негізгі қарыз үлесі – 166 150 674 теңге. Өсімпұл көлемі – 97 694 946 теңге", – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл тізімді облыстарға жіктесек, бірінші орында Алматы қаласының тұрғыны тұр. Ол 10,9 млн теңгенің көлік салығын төлемеген. Оның ішінде жинақталған өсімпұл – 4 618 660 теңге.

Жер салығы бойынша ең көп борышқа батқан азамат – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол 723 455 теңге негізгі салық қарызын өтеген жағдайда 73 719 теңге сомасындағы өсімпұлдан босатылуы мүмкін.

"Қазақстандықтар мүлік салығы бойынша да қарыз жинап үлгерген. Салықтың бұл түрінде рейтингті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бастап отыр. Оның жалпы қарызы – 1 165 033 теңге. Ол негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда 422 287 теңге өсімпұлды есептен шығара алады", – деп жазады ресми органның баспасөз қызметі.

Салық кеңшілігіне ілінген 100 азаматтың тізімін мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу