Мемлекет 419 ақын-жазушыға қаламақы төледі

224

Мәдениет және ақпарат министрлігі бюджет есебінен қаламақы алған ақын-жазушылардың санын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет 419 ақын-жазушыға қаламақы төледі Фото: dzen.ru

"Бұрындары еш жерде жарияланбаған қоғамдық маңызы бар әдебиет бойынша 2017-2023 жылдары 419 әдебиеттің авторлық құқығы сатып алынып, яғни авторларға қаламақысы төленіп, басып шығарылды да, өңірлердегі кітапханаларға таратылды. Авторлық қаламақы 1 авторлық парақ үшін (40 мың белгіге) 6 ең төменгі жалақы мөлшеріне теңестірілген", – деп жазылған жауапта. 

Ал былтыр 53 қаламгер мемлекеттен қаламақы алған.

"2023 жылы мемлекеттік тапсырыспен қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу бағыты бойынша 53 қаламгердің шығармасына авторлық қаламақы төленді. Авторлық қаламақы 1 авторлық параққа 6 ең төменгі жалақы, яғни 2023 жылы 420 мың теңге мөлшерінде болғанын атап өтеміз", – делінген министрлік мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу