Мемлекет 70 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтуға қолдау көрсетті

301

Қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі және "Күміс жас" бағдарламалары арқылы азаматтарға тұрақты табыс табуға мүмкіндік берілуде.  

Мемлекет 70 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтуға қолдау көрсетті Фото: news.mail.ru

Қазақстанда азаматтарды уақытша жұмыспен қамту және тұрақты табыс табуға мүмкіндік беру мақсатында мемлекет субсидияланатын жұмыс орындарын құруды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Бұл бастама кәсіби тәжірибе жинақтауға және еңбек нарығына бейімделуге жол ашады.

Қазіргі таңда төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық жұмыстарға 49,6 мың адам тартылып, еңбекақысы кемінде 103,8 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындары аясында 8,2 мың адам еңбек етіп, жалақысы 103,8 мың теңгеге дейін субсидияланады.

Жастар тәжірибесі бағдарламасына оқуын аяқтаған 4,9 мың түлек қатысуда, олардың еңбекақысы 129,8 мың теңгеге дейін жетеді. Ал "Күміс жас" жобасы аясында 50 жастан асқан 7,1 мың азамат жұмысқа орналасып, жалақының 70%-ына дейін үш жыл бойы субсидияланады.

Жыл басынан бері субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 70 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу