Бұл туралы экс-сенатор Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында айтып, дабыл қақты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, мемлекеттің жылдық қаржысы – 15 трлн, ал негізгі қажеттілік 32 трлн теңгеге жоспарланған. Яғни, қазіргі бюджет тапшылығы қорқынышты жағдайда тұр. Экс-сенатор "ықшамдауды мектеп құрылысынан бастау керек" деп есептейді.
– Үкімет "бюджетті оңтайландырамыз" дейді. Біздің мемлекеттің жылдық қаржысы – 15 трлн, ал, негізгі қажеттілік 32 трлн теңгеге жоспарланған. Оны тез арада ықшамдамаса болмайды. Сол ықшамдауды мектеп құрылысынан бастау керек. Қазір мемлекет 8 миллиардқа салатын "Жайлы мектеп" құрылысын кәсіпкерге берсек, ол 3 миллиардқа салуы мүмкін. Менің көзім бұған анық жеткен.
Ал, білім беру бағдарламасын қадағалауды, мемлекеттік стандартқа негізделуін Үкімет қатаң қадағалауы керек. Еуропада, шет мемлекеттерде мектептер мемлекеттік немесе жеке деп бөлінбейді, – деді Мұрат Бақтиярұлы.