Мемлекет әр азаматтың денсаулығына 60 мың теңге жұмсайды

908

Мемлекет әр азаматтың денсаулығына 60 мың теңге жұмсайды

ҚР денсаулық сақтау министрлігі жеңілдік алатын адамдарға мемлекет қанша ақша бөлетіндігін айтты, деп хабарлайды naryk.kz.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жұмыс жасай бастады. Алғашқы салымдар арнайы қорға 25 тамыздан кешікпей түсетін болады.

"Арнайы медициналық сақтандыру қорының" төрағасы Елена Бахмутова жиын барысында заң нормаларына енгізілетін өзгерістер туралы айтып, мемлекет, жеке адамдар, жұмыс берушілер қанша ақша төлейтіндігін атап көрсетті.

"Жұмыс берушілерге ставка 2 есе азайтылды, қазір бұл көрсеткіш жұмысшының табысының 1 пайызы болып отыр. Бұл сома жұмыс беруші 1 шілдеден бастап төленетін болады. Кезең-кезеңімен бұл ставка көбейе бастайды. 2022 жылға таман жұмыс берушілер жұмысшының табысының 3 пайызын өз қаржысынан беретін болады. Ал мемлекет жеңілдік алуы тиіс санаттағы адамдарға 1 қаңтардан бастап 3,75% пайыз төлейді. Бұл көрсеткіш те жыл өткен сайын артып, 2022 жылға таман 4-5% көлемінде болады. Соңғы екі жылдағы орташа жалақы көлемінен есептеледі", — деді Елена Бахмутова.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерліктің де ставкалары өзгереді. Бұрынғы қолданыста болған заңға сәйкес, ол ЖК табыс мөлшеріне байланысты болса, енді нақты белгіленді. Жеке кәсіпкерлер жұмыскерлердің екі айлық жалақысынан есептейтін болады. Жұмысшылардың салымы 2019 жылдан бастап 1 % көлемінде түссе, 2020 жылға таман 2 % болады. Бұл жұмысшының өз қаржысынан ұсталатын болады.

"Ақшамен санағанда 2017 жылы мемлекет жеңілдік алатын 14 санаттың адамдарына жылына 60149 теңге, жұмыс беруші 27379 теңге, жеке кәсіпкерліктер 31 941 теңге, белсенділігі төмен халық 16970 теңге салып тұрады. Жұмысшылардың жалақысынан 2019 жылдан бастап ұсталатын болады", — деді Е.Бахмутова.

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекет әр азаматқа жылына 55000 теңге төлеп отыр.

"Сондай-ақ, азаматтар өздері жылына 35 000 теңге қосымша медициналық қызметтерге жұмсайды", — деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу