Мемлекет әскерилерге пәтер жалдау үшін 50 миллиард теңге жұмсаған

906

Мемлекет әскерилерге пәтер жалдау үшін 50 миллиард теңге жұмсаған

Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Мәжілісте осы мәселе бойынша комитет отырысы өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың айтуынша, заң жобасымен әскерилерге баспаналық төлемдер беру тәртібін реттеу қарастырылмақ. Яғни келер жылдан бастап баспанамен қамту жүйесі өзгеруі мүмкін. Бүгінге дейін әскерилер жалға алған баспана үшін мемлекет ақша төлеп отыр. Енді осы қаржы тұрғын үй төлеміне ауыстырылуы мүмкін. Осылайша екінші деңгейлі банкте есепшот ашылып, қаржы сонда салынады.

Мемлекет соңғы үш жылда әскерилерге пәтер жалдау үшін шамамен 50 млрд теңге жұмсаған. Қыруар қаржы жалға берушілердің қалтасын қампитты. Ал әскерилер болса, әлі тұрақты баспанасыз жүр. Сондықтан Қорғаныс министрлігі жаңа заң жобасы арқылы 60 мыңнан астам қызметкерінің мәселесін шешуді көздеп отыр.

"Арнайы банк бастапқы төлемді, пайызын азайтып әскерилерге қарыз беретін болады. Сол пайызды пайдаланып әскерилер үй сатып алса. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан ай сайынғы төлемдер пайызды, қарызды жабуға жеткілікті болады", - дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу