Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік балансында 8 мыңға жуық кен орны есепке қойылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"27 жылдың ішінде мемлекет балансына алғаш рет көмірсутек шикізатының 133 кен орны, сондай-ақ алтын, түсті және қара металл және басқа да пайдалы қазбалардың 200-ден астам кен орын қоры алынады. Барланған қорлардың базасында 10-нан астам заманауи тау-кен металлургиялық өндірістер іске қосылды", – деді вице-министр.
Сонымен қатар ол Тәуелсіздік жылдарында бірқатар ірі кен орындарын игеру жұмыстары басталғанын еске салды.
"Бүгінде мемлекеттік баланспен 8 мыңға тарта кен орны есепке алынды", – деп нақтылады Тимур Тоқтабаев.
Вице-министр әлемде шикізат ресурстарын тұтыну мен өндірудің қарқынды өсуі жағдайында геологиядағы дамыту мен жаңғырту мәселелерінің өзектілігі артып отырғаннын атап өтті.