"Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында оған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар", – деді мемлекет басшысы үндеуіне.
Азық-түлік қолы жеткілікті екеніне Президент ерекше тоқталды.
"Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын қымбаттатуға жол берілмейді. Ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тиым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады", – деді ол. 
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        