Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамын келісті

1110

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысына Молдова Президенті Игорь Додон қатысты.  

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамын келісті

Санкт-Петербургте Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕЭК-де тиімді төрағалық еткені үшін армян тарапына алғыс айтты.

"Бізде барлық мәселелер шешілді, ол мәселелер арасында төрағалық, Алқа төрағасы, персоналдық құрам бар еді", – деп атап өтті ол.

Беларусь басшысы ЕЭК Алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичті таныстырды. Оның кандидатурасын бұдан бұрын ЕАЭО мүше елдері, сондай-ақ ЖЕЭК құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған болатын.

А. Лукашенко Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысын 2020 жылдың мамырында Беларусьте өткізуді ұсынды.

Саммит жұмысына Беларусь, Қырғызстан және Ресей президенттері – Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков және Владимир Путин, сондай-ақ Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысты. Қазақстан тарапынан ЖЕЭК Құрметті төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу