Тоқаев 2023 жылғы "Парыз" сыйлығы мен "Алтын сапа" байқауының лауреаттарын марапаттады

346

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Тоқаев 2023 жылғы "Парыз" сыйлығы мен "Алтын сапа" байқауының лауреаттарын марапаттады Фото: akorda.kz

Бүгін елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Парыз" сыйлығының гран-приі мен "Алтын сапа" сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соның ішінде, шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында "Парыз" сыйлығының гран-при жүлдесі Қызылорда облысындағы "Абай Даулет" ЖШС-не берілді.

Бұдан бөлек, ірі бизнес саласында бұл жүлде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.

Сонымен қатар, "Алтын сапа" сыйлығының "Үздік индустриялық жоба" номинациясы бойынша Қостанай облысының "ДЕП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ал "Үздік инновациялық жоба" аталымында Маңғыстау облысындағы "CleanfieldKazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

Еске сала кетейік, Президент бүгінгі іс-шарада Қазақстан ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән беретінін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу