Мемлекет басшысы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Әңгімелесу барысында саясат, сауда-экономика, көлік-транзит, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың берік достық байланысының кепілі екенін атап өтті", делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, тараптар аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің аса өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу