Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group басшылығымен Ақтау, Құрық порттарын дамытуды талқылады

429

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті. 

Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group басшылығымен Ақтау, Құрық порттарын дамытуды талқылады Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқыға салды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.

Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын "Солтүстік – Оңтүстік" бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы атап өтті. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.

Осыған байланысты, Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу