Мемлекет басшысы әкімдерге бірқатар тапсырма берді

898

Мемлекет басшысы әкімдерге бірқатар тапсырма берді

Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету науқаны мамыр айынан-ақ басталуға тиіс. Бүгін Ақордада өткен әкімдер кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыс орталықтарының жетікшілерінің бірі қалмай шақыртылған. Қазір үкімет республика бойынша әлеуметтік санаттағы топтарға арнап 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салу ісіне кіріскен. Бірінші кезекте, әрине, көпбалалы отбасылардың жағдайы ескерілмек.

Сондай-ақ президент өңір басшыларына мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы байланысты арттырудың маңызы зор екеніндігін де ескертті. Бұл тұста әкімдер халықпен үнемі кездесіп, ерінбей өз аумағына кіретін елдімекендерді аралап тұруы қажет. 

Аймақтардағы инфрақұрылым мен жол мәселесін де кеңес барысында кеңінен сөз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу