Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді

726

Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды. 

Мемлекет басшысы әкімдермен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді.

Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, Жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу