Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Еске сала кетейік, кеше Вашингтон қаласында PSA Airlines әуе компаниясына тиесілі Bombardier CRJ700 жолаушылар ұшағы (60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) Black Hawk Sikorsky H-60 әсери тікұшағына (3 әскери қызметкер) соқтығысып, өзенге құлаған.
Вичита қаласынан шыққан жолаушылар ұшағы кешкі сағат 21:00 шамасында Рональд Рейган халықаралық әуежайына жақындап келе жатқанда тікұшақпен соқтығысқан. Ал әскери тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адамның денесі табылды, қалғаны іздестіріліп жатыр.