Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

874

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады. Сонымен қатар министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу