Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса мән беруді тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу