Мемлекет басшысы Амангелді Айталының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

405

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Мемлекет басшысы Амангелді Айталының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: aktobeakparat.kz

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II және III шақырылымдарының депутаты Амангелді Айталының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Амангелді Әбдірахманұлы ұзақ жылдар бойы білім және ғылым саласында жемісті жұмыс істеді. Соның ішінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары білікті мамандар даярлау ісіне мол еңбек сіңірді. Мәжіліс депутаты болған кезінде отандық заңнаманы жетілдіруге және парламентаризмді дамытуға атсалысты. Қажырлы қызметімен еліміздің өркендеп дамуына өз үлесін қосып, соңына жарқын із қалдырған Амангелді Әбдірахманұлының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу