Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

193

Бұл туралы Ақорда жазды.  

Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты Фото: aa.com.tr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты, – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз.

Соңғы дерек бойынша, зілзаладан қаза тапқандар саны 800-ден асты. Бұл жөнінде 1 қыркүйекте Ауғанстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу