Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айттты

648

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айттты

Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабыл алды.

"Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу