Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді

1209

Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, күштік құрылымдардың, атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қатысты. 

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазбасына сүйеніп.

"Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды", – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу