Ол Ауғанстанға мезгіл-мезгіл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектер жіберіп тұратынын айтты.
"Ауғанстан халқы бұрын-соңды болмаған қиындықтар мен гуманитарлық дағдарысға тап болды. Біз саяси көзқарастарымызға, жеке сенімімізге қарамастан, қол ұшын созуымыз керек", – деді Тоқаев.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты онлайн саммитке қатысып жатыр.
Жиынға Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди бастамашы болды.
Басшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының хабарлауына қарағанда, жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп жоспарланған.
Тасқын Болатұлы