Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу