Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

852

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.

Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу