Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғанына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Жеделхатта Шейх Сұлтан өз өмірін Әмірліктердің, оның халқының мүддесін қорғауға және қызмет етуге риясыз арнағаны баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан халқы шейх Сұлтан Әл Наһаянды парасатты азамат, жоғары беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым жадында сақтайтыны айтылған.
"Осындай сын сағатта орны толмас ауыр қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан, Сізге және бүкіл Әмірліктер халқына қайғыра көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.