Мемлекет басшысы барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырма берді

80

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында осындай бастама көтерді.    

Мемлекет басшысы барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырма берді Фото: akorda.kz

Мемлекет ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне айрықша мән береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын.

Үкіметке әкімдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Шын мәнінде, мұндай нысандардың тек елордада ғана болғаны дұрыс емес, әрбір облыста салу керек.

Бұл әкімдердің жұмысындағы олқылық деп айтуға болады. Біз – әлеуметтік мемлекетпіз.

Сондықтан әлеуметтік міндеттемелерді орындау әрдайым еліміздің айрықша назарында тұратын мәселе. Биыл зейнетақы және жәрдемақы төлеуге 5,9 триллион теңге бөлінді. Келесі жылы бұл көрсеткіш тағы 10 пайызға өседі, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу