"Барыс хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогін ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.
Аталмыш халықаралық турнир 7 тамыз күні елордада басталған болатын. Қазақстандық "Барыс" командасы мен Қазан қаласының "Ак Барс" арасындағы матчты Президенттің өзі барып тамашалады.
Бүгін турнир аяқталып, "Барыс" оның жеңімпазы атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу