Берік Асылов:
- криминогендік ахуалды бақылау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу бағытында қабылданған шаралар жөнінде баяндады.
- Биылғы 9 айда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14,6 пайызға, соның ішінде қоғамдық орындардағы құқықбұзушылық 22,3 пайызға, көшедегі заңға қайшы әрекеттер 20,1 пайызға азайған.
- Құқық қорғау органдарымен және мүдделі құрылымдармен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күрес бойынша жан-жақты шаралар қабылданды.
- бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,3 триллион теңге болатын активтер қайтарылғаны жөнінде мәлімдеді.
Осы қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы мен реконструкциясы қаржыландырылды, оның 378-і аяқталды.
Атап айтқанда, алты облыста ірі медицина нысандары, Астана қаласында Қ. Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Балқаш, Павлодар және Арқалық әуежайларын жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Активтерді қайтару, экстрадициялау және қылмыс жасаған адамдарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.
Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 екіжақты келісімге қол қойды. Қазақстанға 50 адам экстрадицияланды, ал шет мемлекеттерге 123 адам берілді.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығын орындау мақсатында инвесторларды қорғаудың жүйелі моделі жолға қойылғанын айтты.
Жыл басынан бері 2886 инвесторға көмек көрсетілді. Прокурорлар 3,5 мың инвестициялық жобаның іске асуын қадағалап отыр.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны "Цифрлық қадағалау" жүйесімен интеграциялау түйткілді мәселелерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқы қалпына келтірілгенін атап өтті.
Соның ішінде 200 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Еңбекақы бойынша 2,5 миллиард теңге, алимент бойынша 7,9 миллиард теңге берешек өндірілді.
Прокурорлар мемлекет қаржысын жұмсау кезінде сомасы 535 миллиард теңге заң бұзушылыққа тосқауыл қойды. Бюджетке 66,4 миллиард теңге қайтарылды.
Кездесу барысында "Заң мен тәртіп" идеологиясын, әсіресе, жастар арасында ілгерілету, сондай-ақ қадағалау қызметіне цифрлық технологияларды және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Президент:
- барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде электоралдық кезеңде құқықтық тәртіпті сақтау шараларын үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды;
- сондай-ақ Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.