Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

1040

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.  

Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Бас прокурор Қазақстан Президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу