Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

850

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, жер қатынастарына қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жұмыстары, инвестиция тарту және Жайық трансшекаралық өзенінің проблемалары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жергілікті жұртшылықтың бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға, өңірді сумен және жылумен қамтамасыз етуге, автожолдар салуға және электр желілерін жаңғыртуға қатысты мәселелерді шешуге атсалысып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы өңірдің ет өнімдерін ұлғайтуға және осы салада еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндігі бар екенін атап өтіп, әкімдіктің Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытудың ғылыми-өндірістік базасын құру жөніндегі жоспарын қолдады.

Президент Оралда машина жасау саласының техникалық және кадрлық әлеуетін сақтау қажет екеніне назар аударып, Ғали Есқалиевке демографиялық қауіпті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвесторларды қолдау жөнінде міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, бюджетті әділ бөлудің, бюджетаралық қатынастардың тиімді тетігін енгізудің маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, облыстар салықтан түсетін қаржыны жергілікті деңгейде қалай жұмсау керек екенін анық түсінуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу