Мемлекет басшысы "Challenge Другой ты!" атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, осы акцияның қатысушыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарланды Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында.
Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Акция аясында отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, олар қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу