Мемлекет басшысы Бейсен Құранбектің жақындарына көңіл айтты

969

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.  

Мемлекет басшысы Бейсен Құранбектің жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді. "Қазақстан" ұлттық телеарнасындағы "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтың алғысын алды. Ол Алматы облыстық "Жетісу" арнасының директоры ретінде білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы екенін де көрсете білді. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!", – делінген жеделхатта.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу