Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады

182

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды.

Сондай-ақ, бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.

Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, ғылым-білім саласында ықпалдастық орнату, білікті қытайтанушы-лингвистерді даярлау мәселелері талқыланды.

Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасы жөнінде әңгімеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу