Мемлекет басшысы Беларусь Республикасына жаңадан тағайындалған елшіні қабылдады

211

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасына жаңадан тағайындалған елшіні қабылдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Жақсылықовқа Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу