Мемлекет басшысы Binance криптобиржасының бас директорын қабылдады

531

Мемлекет басшысы әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Binance криптобиржасының бас директорын қабылдады

Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды.

Кездесу соңында Президенттің қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу