Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің шейхына құттықтау жеделхатын жолдады

180

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің шейхына құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды және оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта БАӘ-нің экономикасы қарқынды дамыған ел және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның басшылығымен Әмірліктердің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Шығанақтағы басты серіктестерінің бірі саналатын БАӘ-мен берік ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу