Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.