Елбасы Өкімімен бірқатар қадрлық тағайындау жасалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімдерімен Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне, ал Қайдар Самиғұлұлы Қарақұлов "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу