Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.