Мемлекет басшысы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады

918

Мемлекет басшысы БҰҰ  қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады

 

Мемлекет басшысы сапар барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы  Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйлейді деп жоспарланған. Аталған шарада  жаппай қырып жою қаруын таратпаудың негізгі мәселелері егжей-тегжейлі қаралмақ. Жиында Қазақстан "Манифест" және "Бейбітшілік 21-ші ғасыр" атты екі құжат ұсынып, ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне саяси үндеу жариялайтын болады. Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, аталған шара "шиеленісті доғару", "жаппай қырып жою қаруын таратпау" және "сенім шаралары" секілді үш тақырыптың өзара тәуелділігі негізінде ұсыныстарды қалыптастыруға көмектеседі. Айта кетейік Біріккен ұлттар ұйымындағы  Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалық 31-ші қаңтарда аяқталып, тізгін Кувейтке тапсырылады.

Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары

Өздеріңізге белгілі Қазақстан біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуде. Соған байланысты қаңтардың 18-де елбасымыз осы қауіпсіздік кеңесіне жоғары деңгейдегі пленарлық отырысқа қатысады. Ол брифинг кезінде ең бастысы брифингте БҰҰ бас хатшысы сөз сөйлейді. Оған қоса, мүше және мүше емес елдері қатысады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу