Мемлекет басшысы COVID-19 үшін ПТР тестілеу бағаларын бақылауды тапсырды

464

Мемлекет басшысына агенттік құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. 

Мемлекет басшысы  COVID-19 үшін ПТР тестілеу бағаларын бақылауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Серік Жұманғарин ведомствоның ашықтық саясатын жүзеге асырып жатқанын, проблемалық мәселелерді қоғам және бизнес өкілдерімен бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретін краудсорсингтік алаңдар мен кедергілер жөніндегі кеңестердің құрылғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының, сондай-ақ Қазақстан әуежайларындағы тұтыну тауарларының бағасын төмендету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сауда биржаларының қызметіне, сұйытылған газ бағасын арзандатуға, нарықтағы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруға қатысты жасалған жұмыстар туралы айтылды.

Қазақстан Президенті ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының және дәрі-дәрмек бағасын айырықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік басшысына экономиканың тиімділігін арттыруға, тауар биржасы мен бәсекелестікті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндеттемелер жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу