Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңадан таққа отырған Королі X Фредерикті құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – деп жазылған жеделхатта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу