Мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдады

876

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдады

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мемлекет басшысы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, "Ашық Үкімет" қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу