Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады

743

Кунио Микурия Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының белсенді мүшесі ретінде ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін айтып, Ұйым басшысының елімізге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Президент пандемия кезінде елімізде ұлттық экономика мен халықаралық сауданы қолдау жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бұл жұмыстар қарқын ала түсетінін жеткізді. 

Кунио Микурия Президентке қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ел деп атап өтті.

ДКҰ басшысы Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады. Кунио Микурия облыс орталығының "Шығыс-Батыс" бағытындағы транзиттік әлеуетінің маңызды екеніне тоқталды. Бас хатшы Қазақстандағы кеден саласының айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның электронды кедендік декларациялау рәсімі мен "бір терезе" қағидатын енгізу тәжірибесі Ұйымға мүше көптеген елдер үшін озық үлгі бола алатынын айтты.

Кездесу соңында кеден саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу