Мемлекет басшысы Египет халқына көңіл айтты

673

Мемлекет басшысы Египет халқына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Танта және Александрия қалаларындағы терактілерге байланысты Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Мысырдың қос қаласындағы православ шіркеулерінде болған лаңкестік жарылыс салдарынан адамдардың қаза тапқандығы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақтасамын", – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу