Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

200

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлім етті.  

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады Фото: aikyn.kz

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен "Таза Қазақстан" бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу