Мемлекет басшысы: Екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн

730

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында елімізде вакцина қоры жеткілікті екенін атап өтіп, екпеге дұрыс көзқарас қалыптастыру керектігіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы: Екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн

"Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттің бұған мүмкіндігі болмай отыр. Елімізде жаппай екпе салу үшін жоғары қарқынмен жүріп жатыр", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салада назар аудару керек мәселе барын жеткізді.

"Қоғамда екпе алуға қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастырып жатыр. Мұндай адамдарың өзін ғана емес, өзгенің өмірі үшін жауап беретін түсінуге тиіс. Сондықтан екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерді. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті індеттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек", - деп түйіндеді сөзін Президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу