Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады

129

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбековаға "Отан" ордені, көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі "Барыс" ордені, мемлекет қайраткері Александр Судьинге II дәрежелі "Барыс" ордені табысталды. Белгілі актер, көрнекті театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға "Қазақстанның халық әртісі" атағы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу