Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

389

Президент еліміздің энергетика инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың, сондай-ақ мұнай-газ жобаларын уақытылы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Президентке еліміздің отын-энергетика кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, жанар-жағармай нарығын үздіксіз қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларын одан әрі дамыту мәселесі туралы баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Энергетика министрі ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету және жалпы газ саласын дамыту шаралары жөнінде, сондай-ақ биыл Қазақстанда тауарлық газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленетіні туралы айтты.

Сонымен қатар,  генерация секторындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясының тапшылығын жою, электр энергетикасы саласын реттеу тәсілдерін жетілдіру және нарықты дамытудың жаңа моделін енгізу перспективалары туралы ақпарат берді.

Президент еліміздің энергетика инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың, сондай-ақ мұнай-газ жобаларын уақытылы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу